
ШҚО полициясының ашық есік күніне 300-ден астам адам келді
Облыстық Полиция департаментінде өткен «Ашық есік күні» аясында қала колледждерінің студенттері және жоғары сынып оқушылары ведомстволық мұражайды, жедел басқару орталығын, cyberpol кабинеттерін аралады.
Бүгін олар полицейлердің басты қонақтары болды. Жас жеткіншектерді бірінші болып полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков қарсы алды.
- «Мен сіздерді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қабырғасында көргеніме қуаныштымын, онда сіздер тәулік бойы тәртіп сақшысы болып жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысының аз, бірақ маңызды бөлігін өз көздеріңізбен көретін боласыздар. Бүгінгі экскурсия сіздерге қызықты, әрі пайдалы болады деп сенеміз», - деп атап өтті облыстың бас полицейі.
Тәртіп сақшылары бұл іс-шараны жастарды өз жұмыстарымен таныстыру, функциялары мен жауапкершіліктерін көрсету, сондай-ақ полиция мен қоғам арасындағы сенімді қарым-қатынасты дамыту мақсатында ұйымдастырды.
Полицейлер түрлі шеберлік сабақтары мен экскурсиялар өткізді. Келушілердің назарына жастардың шынайы қызығушылығын тудырған қару-жарақ үлгілері ұсынылды. Сондай-ақ, қонақтар оқиға орнына барумен ғылыми қажетті зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін жылжымалы криминалистикалық зертхананы бағалай алды.
Сонымен қатар, балалар Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жұмысы туралы біліп, өз ісінің мамандарымен жақынырақ танысты, олар белгілі бір тыйым салынған заттардың зияны туралы және оларды сақтау мен тарату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін айтып, жастарды салауатты өмір салтын таңдауға шақырды.
Үлкен экскурсия барысындағы жеке «аялдама» cyberpol кабинеті болды, онда оқушылар алаяқтардың жаңа әдістері және олардың қармағына түспеудің жолдары туралы білді.
Мұражайда оқушылар өткен ғасырлардағы полиция қызметі туралы экспонаттармен танысты. Бандиттерден алынған қару-жарақ көрмесі, сондай-ақ соңғы отыз жылдағы резонанстық қылмыстар туралы әңгімелер жастардың ерекше назарын аударды.
Сапардың соңғы нүктесі жедел басқару орталығына бару болды, бұл балалардың қызығушылығын тудырды. Бұл бекер емес, өйткені қалада тәулік бойы 5000-нан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, ал бейнекамералардағы кескін онлайн режимінде полицияға беріледі. Сонымен қатар, келушілерге «102» мобильді қосымшасы туралы, оның көмегімен кез келген уақытта бейнеқоңырау шалуға немесе мәтіндік хабарлама жазуға болатынын, оны ЖБО кезекші ауысым операторы бірден қабылдайтыны және тіркейтіні туралы айтылды.
Ашық есік күнінде Шығысқазақстандықтар полицияның жетекші қызметтерінің әрқайсысының өкілдеріне сұрақтар қоя алды. Көбінесе келушілер полицияға жұмысқа орналасу шарттарына қызығушылық танытып, кадр жұмысы басқармасының қызметкерлеріне жүгінді.
Ашық есік күні қала жастары үшін пайдалы, әрі қызықты оқиға болғанына сенімдіміз. Жас буын полицияның жұмысын өз көздерімен көріп, оның қоғам үшін маңыздылығы сезінуге мүмкіндік алды. Тағы бір маңызды аспект – кәсіптік бағдар беру, өйткені жоғары сынып оқушылары қазірден бастап мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауы керек, олардың біреуі құқық қорғау қызметін мамандық ретінде таңдауы әбден мүмкін.
ШҚО ПД баспасөз қызметі