
«Мигрант» ЖПІШ: ШҚО-да 20-дан астам шетелдік жауапкершілікке тартылды
«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні облыс аумағындағы көші-қон қызметінің қызметкерлері еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін 20-дан астам шетелдікті анықтады.
Мысалы, облыс орталығы әкімшілік ғимараттарының бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары үй шаруашылығында жұмыс істеуге рұқсат алған 12 ТМД азаматтарын анықтаған, алайда олар мүлдем басқа салада еңбек еткен, осылайша қазақстан заңнамасын бұзған. Нәтижесінде барлық 12 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 7 шығысқазақстандық жұмыс беруші әрқайсысы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі