ШҚО полицейлері ардагерге алғыс білдірді

ШҚО полицейлері ардагерге алғыс білдірді

                                                                                     ШҚО полицейлері ардагерге алғыс білдірді

Бүгін Алғыс айту күні ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков облыстың ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаевпен бірге Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдарының ардагері Құрмат Рахимұлы Рахимовқа барып, мерекемен құттықтап қайтты.


"Мен сізге еңбегіңіз, еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін алғыс сөздерін білдіре алатыныма қуаныштымын. Сіздің ерлігіңіз бен жетістігіңіз әрқашан Қазақстан халқының жадында болатынына сенімдімін", - деді Ерлан Омарбеков.


Құрмат Рахимұлы қонақтармен соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, өзі полиция пальтосын киген сонау шалғай кезеңдер туралы айтып, бүгінгі күні де адалдық, қажырлы еңбек және халыққа қызмет ету – полиция қызметкерлерінің жұмысында ең бастысы болып қалуы керектігін жеткізді.


Өз заманында көпті көрген Құрмат Рахимұлы үшін өткен ерлік пен оның есімінің өшпеуі маңызды болып қала береді.

                                                                                                                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі