"Мал ұрлығы": ШҚО-да қараусыз қалған жануарлар айыппұл тұрағына жіберілуде

"Мал ұрлығы": ШҚО-да қараусыз қалған жануарлар айыппұл тұрағына жіберілуде

                                                                                 "Мал ұрлығы": ШҚО-да қараусыз қалған жануарлар айыппұл тұрағына жіберілуде

Мал ұрлығымен күрес-полиция қызметінің басым бағыттарының бірі.


Осыған байланысты Полиция департаменті және оның аумақтық бөлімшелері мал ұрлығының алдын алу және ашу жөніндегі жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ 21-23 ақпан аралығында профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында бүкіл өңір бойынша "Мал ұрлығы" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.


ЖПІШ жүргізудің алғашқы күнінде жедел уәкілдер бұрын жасалған 4 қылмысты ашты.


Сонымен қатар, тәулік ішінде тәртіп сақшылары 60 бас еркін жайылатын малды мамандандырылған қораларға қамады. Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 16 ауыл шаруашылығы жануарларының иелері жауапқа тартылды.


Өз кезегінде полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына қырағы болуға және малды қараусыз қалдырмауға, үй шаруашылығын нығайтуға, малды таңбалауға және ең қоюға кеңес береді.


Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда дереу жақын жердегі полиция бөліміне немесе "102"жедел арнасына хабарласыңыз. Бұл тәртіп сақшыларына қылмысты ізін суытпай ашуға және күдікті адамдарды жедел ұстауға көмектеседі.

                                                                                                                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі