Шығысқазақстандық азамат заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді

Шығысқазақстандық азамат заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді

                                                                                     Шығысқазақстандық азамат заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді

Полиция қызметкерлері оның көлігінен еліктің ұшасын тапқан.


1-29 ақпан аралығында өңір аумағында тәртіп сақшылары «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.


Осыған байланысты тас жолдарда браконьерлік фактілері мен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтауға және тасымалдауға рұқсаттардың бар-жоғын анықтау үшін көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылды.


Осындай тексерулердің бірінде Катонқарағай ауданының полиция қызметкерлері ВАЗ 2121 маркалы автокөлігін тоқтатқан, оның жүргізушісі жүксалғышта еліктің ұшасын және тіркелмеген мылтықты алып жүрген.


Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


«Браконьер» ЖПІШ басталғаннан бері өңірде 180-нен астам құқық бұзушылық анықталғанын айта кеткен жөн.

                                                                                                                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі