#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ: тәртіп сақшылары мен құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға дейін жеткізді

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ: тәртіп сақшылары мен құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға дейін жеткізді

                                                                                 

                                                                                        #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ: тәртіп сақшылары мен құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға дейін жеткізді

 

Қазір оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, ол мамандардың бақылауында.

Жаңа Бұқтырма кентінің полиция бөлімшесіне патрульдік экипаж Серебрянск кентінің аудандық ауруханасына жатқызу үшін жүкті әйелді әкеле жатқан дәрігерлер бар жедел жәрдем көлігі қарда қалып қойғанын хабарлаған.

Өз күшімен қар үйіндісінен шығуға бірнеше әрекет жасағаннан кейін, мамандарды күту туралы шешім қабылданған.

Дәл осы уақытта Серебрянск қаласынан ТЖД-ның жүру мүмкіндігі жоғары автокөлігімен Бұқтырма кентіне жедел жәрдем дәрігерлерінің бригадасы аттанды. Кешігуге болмайды, әйел адам жүктіліктің соңғы кезеңінде.

Белгіленген жерге жетіп, жүкті ананы тексергеннен кейін дәрігерлер оны аудандық ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдаған. Мамандандырылған техниктер, патрульдік полицейлер мен құтқарушылар болашақ ананы жедел түрде медициналық мекеменің есігіне дейін жеткізді.

Қазіргі уақытта өңірде ауа райы температурасының төмендеуіне байланысты облыстың автожолдарының 9 учаскесінде, оның ішінде 4 - республикалық және 5 - облыстық бағыт бойынша қозғалыс шектелген.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерден ауа райы қолайсыздығына түсіністікпен қарауды, хабарламаларды ескеруді және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі