
ШҚО-да браконьер қақпанға бес бұлғын ұстаған
Полиция қызметкерлері заң бұзушыны "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтаған.
Тәртіп сақшылары ер адамның омартадағы жануарларды тұзақтар арқылы аулағанын анықтаған. Тушадан құтылып, ол үйінде бағалы аң терісін сақтаған.
Алтай ауданының 47 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге үш мың АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі жаза не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу қаупі төніп тұр.
ШҚО ПД барлық аң аулау әуесқойларын елдің табиғатты қорғау заңнамасы мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, "Браконьер" ЖПІШ 29 ақпанға дейін өткізіледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі