
ШҚО тұрғыны қыз мезгіліне спецификалық ерекше иісі бар 10 банкадан астам «тұздама» дайындаған
Шығыс Қазақстан полицейлері марихуананың 1000-нан астам дозасын тәркіледі.
Жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізу кезінде тәртіп сақшылары есірткі сатумен айналысқан облыс тұрғынын анықтады, оның үйін тінту барысында салмағы 5 келіге жуық кептірілген марихуана табылып, тәркіленді .
Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, сақтау және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі