
ШҚО ПД Киберполы: «Интернет –алаяқтардың құрбаны болмаңыз»
Жаңа тәсілмен ақпараттандыру науқаны.
Бүгін Шығыс Қазақстан дүкендерінің сөрелеріне сүт өнімдерінің ең ірі өндірушісі – «Восток Сүт» корпорациясының конвейерінен қызықты бейнесі бар тауарлар келіп түсті.
Киберпол полицейлері әрбір қаптамаға QR код орналастырды, сатып алушы оны сканерлеу арқылы қылмыскерлердің түрлері мен әдістері, сондай-ақ олардан қалай қорғану керектігі туралы барлық ақпаратты біле алады.
Тәртіп сақшылары ескертудің бұл түрі мүмкіндігінше көп адамды алаяқтардың жаңа айла-амалдарынан қорғауға мүмкіндік беретініне сенімді.
ШҚО Полиция департаменті облыста «Тоқта алаяқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатқанын еске салады.
Егер сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарласуыңызды сұраймыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі