
Тоқта алаяқ!
Полицейлер өңірлік фронт-офис еріктілерімен бірге ШҚО облыс орталығының тұрғындарынан алаяқтар туралы не білетіндерін және олардың қулықтарына қалай түспеу керектігін сұрауға шешім қабылдады.
Тәртіп сақшылары ескерту сипатындағы ақпараты бар жадынамалар мен буклеттер таратып, ұялы байланыс құралдары мен интернет желісін пайдалана отырып жасалатын алаяқтықтың ең көп тараған түрлері туралы түсіндіре отырып, азаматтарды қырағы болуға шақырды.
Полицейлер мұндай акция құқықтық сауаттылықты арттыруға және халықты алаяқтардың схемаларынан қорғауға мүмкіндік беретініне сенімді.
Шығыс Қазақстан облысы аумағында ағымдағы жылдың 1-20 ақпан аралығында "Тоқта алаяқ"облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғанын айта кеткен жөн.
ШҚО ПД баспасөз қызметі