
ШҚО тұрғыны мессенджерде діни бейнероликтерді таратқан
Полиция қызметкерлері әйел адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
ШҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Катонқарағай ауданының 35 жастағы тұрғынын анықтады, ол танымал мессенджердің көмегімен басқа пайдаланушыларға сот шешімімен тыйым салынған бейнероликтер жіберген.
Аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарынан алынған әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алу қажеттігін еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі