
ШҚО полицейлері заңсыз ауланған балықтарды тәркіледі
Тарбағатай ауданының тұрғыны балық ресурстарын заңсыз өндіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Зайсан көлінің жағасында жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полицейлер балықты заңсыз аулаумен айналысқан 30 жастағы ер адамды ұстаған.
Оқиға орнында тәртіп сақшылары 130 кг-ға жуық көксерке мен қарақұйрықты, сондай-ақ 15-тен астам моноталшықты торларын тауып, тәркілеген.
Табиғатқа келтірілген залалдың жалпы сомасы 600 000 теңгеден асты.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі