
Облыс әкімі 2023 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО ПД-ның кеңейтілген жедел кеңесіне қатысты
Ермек Көшербаев полицияның жұмысымен танысты, сондай-ақ жедел басқару орталығына, "Киберпол" арнайы бөлімшесіне және Департамент мұражайына барды.
Кеңес полиция департаментінің мәжіліс залында жалғасты, онда әкім " Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады.
Сондықтан қоғамның сұраныстарын естіп, оларға жедел жауап бере білу маңызды. Нәтижесінде қоғамда құқық бұзушыларға мүлдем төзбеушілік қағидаты қалыптасады”,- деді.
ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков баяндама жасай отырып, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, есірткі қылмысы саласындағы қылмыстардың, жол қауіпсіздігінің алдын алу және олардың өсуіне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып өтті.
- «Өткен 2023 жылы облыс аумағындағы криминогендік жағдай қылмыстың 12,6% – ға, ауыр қылмыстардың 23,7% – ға және ауырлығы орташа қылмыстардың 13,2% - ға айтарлықтай төмендеуімен сипатталды. Қылмыс құрылымында ең үлкен үлес алаяқтық (34,2%) және ұрлық (26%) болып табылады. 1715 алаяқтық және 1302 ұрлық тіркелді.
Бүгінгі таңда полицияның басым міндеттерінің бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу болып табылады. Ол зардап шеккен адамдармен әңгімелер, дәрістер мен тренингтер өткізуді, олармен дағдарыс орталықтарында жұмыс істеуді, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, аталған мәселелер бойынша материалдарды БАҚ-та жариялауды қамтиды.
Қабылданып жатқан шаралар отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмысқа қатысты жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді: 2023 жылдың қорытындысы бойынша мұндай қылмыстар санының 10,7% - ға - 84-тен 75-ке дейін төмендеуі байқалды", - деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, кеңес барысында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасы, қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері қаралды.
Бірқатар аумақтық полиция бөлімдерінің басшылары кемшіліктері бойынша тыңдалды.
Соңында ПД бастығы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, учаскелік полиция инспекторларының қызметін нығайту және полиция қызметкерлері арасында тәртіп пен заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жандандыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі