
ШҚО ПД полицейлері көші-қон желісі бойынша 160 000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен
Оның 97 пайызы электронды форматта.
Көші-қон заңнамасының нормаларын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарымен және шетелдіктерімен жұмыс істеу полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
2023 жылдың басынан бері облыста 4500-ден астам шетелдік азаматтарға ҚР-да уақытша тұруға рұқсат берілген.
Сонымен қатар, ел аумағынан тыс жерлерде жіберілген бұзушылықтар үшін сот органдарының шешімімен 69 шетелдік азамат елден шығарылып, 1000-нан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қазақстан азаматтығынан айырудың 500-ден астам фактісі тіркеліп, оның ішінде 60-тан астам шетелдіктер қос азаматтықпен өмір сүргені анықталды.
Сонымен қатар, халыққа 161 000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.
ШҚО ПД баспасөз қызметі