
ШҚО полицейлері тасжолда өртеніп жатқан көлікті сөндірген
Өрттің шығуы электр сымдарының тұйықталуы салдарынан болған.
Өскемен-Алтай тасжолының 43-ші шақырымын патрульдеу кезінде инспекторлар Алмас Нұриев пен Еркін Қадыровтың назары жол жиегінде тұрған "Мitsubishi" көлігіне түскен. Көлікке жақын келген тәртіп сақшылары көліктің сорғышының астынан қалың түтін шығып жатқанын байқаған.
Өрттің одан әрі өршуіне жол бермеуге тырысып, полицейлер өрт сөндіргішті алып, өртті сөндіре бастаған. Оларға өтіп бара жатқан жанашыр көліктің жүргізуші келіп, көлікке қар лақтырып өртті сөндіруге көмектескен.
Полиция қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндіріп үлгерді.
Алтай ауданының тұрғыны тәртіп сақшыларына зор денсаулық пен жұмыста табыс тілеп, алғысын білдірді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі