ШҚО ПД-да үздік тергеуші мен анықтаушыны таңдады

ШҚО ПД-да үздік тергеуші мен анықтаушыны таңдады

                                                                                     ШҚО ПД-да үздік тергеуші мен анықтаушыны таңдады

Полицейлер марапаттармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті, онда 2023 жылдың қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тергеушілер мен анықтаушылар анықталды. Әскери-қызметтік тәртіпті сақтау да бағалаудың маңызды критериі болды.


"Қылмысты ашуда тергеуші мен анықтаушы ерекше рөл атқарады, өйткені сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде сапа мен заңдылықты сақтау - сіздердің ұзақ және қажырлы еңбектеріңіздің жемісі", - деп атап өтті ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.


Жұмыс нәтижелері бойынша Үлбі ПБ аға тергеушісі полиция капитаны Шынар Рүстемқызы - "Үздік тергеуші", Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің аға анықтаушысы полиция майоры Олжас Қасқабаев - "Үздік анықтаушы" атанды.


Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша "Үздік тергеу қызметі" ретінде Күршім ауданының полиция бөлімі танылған болатын.


Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін департамент бастығының грамотасымен 11 тергеуші және 4 анықтаушы марапатталды.

                                                                                                                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі