
ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады
Облыс орталығының 26 жастағы тұрғынын жедел уәкілдер ақша алу кезінде ұстаған.
Белгілі болғандай, бойжеткен жәбірленушімен бұрын таныс болған және оны жеке басына қатысты ақпаратты таратамын деп қорқытып, одан 6 000 000 теңге талап еткен. Ер адам полицияға жүгінген.
Бойжеткенді қаражаттың үштен бірінен аз сомасын алып жатқан жерінен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері ұстаған.
Қазір аталған фактіге қатысты қорқытып алу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайлар анықталуда.
ШҚО ПД баспасөз қызметі