
Зейнеткердің қырағылығы алаяқтардан құтқарды
Белгісіз қоңыраудан күмәнданған зейнеткер учаскелік полиция инспекторына қоңырау шалған.
Қаланың 74 жастағы тұрғынына белгісіз адамдар оның ұялы телефонына қоңырау шалып, немересі апатқа ұшырағанын және бұл жағдайды шешу үшін хабарласып тұрған бейтаныс адамдар белгілі бір ақша сомасын талап еткенін хабарлаған. Уайымдаған зейнеткер өзінің барлық жиған-терген ақшасын жинап, ақшаны алып кететін адамды күткен. Бірақ соған қарамастан, сенімсіздік сезімі ұялап, егде жастағы әйел эмоцияларға берілмей күдікті қоңырау туралы өзінің учаскелік полиция инспекторына хабарлауға шешім қабылдаған.
Полиция аға лейтенанты Берік Маусеитов егде жастағы әйелді алаяқтар алдағанын түсініп, оны ешбір жағдайда қаскүнемдерге ақша бермеуге көндірген.
Полиция қызметкерінің қырағылығы мен жедел әрекет етуінің арқасында алаяқтардың арбауына түспей, зенеткердің ақшасы сақталып қалды.
Полиция барлық азаматтарды қырағы және мұқият болуға, сондай-ақ ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға ақша бермеу, жеке деректерін (аты-жөні, ЖСН, карта нөмірі, жеке куәлік нөмірі және т.б.) жария етпеу және күмәнді қосымшаларды жүктемеу туралы ескертеді.
Сізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жағдайда, дереу "102" нөміріне қоңырау шалыңыз.
Есіңізде болсын, сіздің деректеріңіз бен ақшаңыздың қауіпсіздігі өз қолыңызда.
ШҚО баспасөз қызметі