ШҚО полицейлері 2023 жылы 1 300 ден астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісін анықтады

ШҚО полицейлері 2023 жылы 1 300 ден астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзу  фактісін анықтады

                                                                                           

                                                                                                ШҚО полицейлері 2023 жылы 1 300 ден астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісін анықтады

Браконьерлер - бұлар жеке баю мақсатында табиғатқа ғана емес, жалпы елге зиян келтіретін қылмыскерлер.
2023 жылы табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен 1 845 рейдтік іс-шара өткізілді, оның барысында табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес 1300-ден астам құқық бұзушылық, оның ішінде 50-ге жуық қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.


Полиция қызметкерлері балық ресурстарын, заңсыз аңшылықты және қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерінің айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесті.


Аяқталған қылмыстық істер сотқа жолданып, кейбір браконьерлер өз жазасын алып үлгерді.


Мысалы, Алтай ауданының 57 жастағы тұрғыны 3 бұлғынды заңсыз аулағаны үшін бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.


Алтай ауданының 30 жастағы тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды, ол Богатырево ауылындағы Бұқтырма өзенінің арнасында қызыл кітапқа енген таймень балығын ұстаған.


Глубокое ауданының Черемшанка ауылында сирек кездесетін жабайы сарымсақ өсімдігінің 4000 – ға жуық данасын жинап, Риддер қаласына сату үшін барған 4 ШҚО тұрғыны бас бостандығын шектеудің әртүрлі мерзімдеріне (1 жыл және 3 жыл) сотталды.


Полицейлер азаматтарға заңсыз аң аулау үшін жауапкершілік көзделгенін ескертеді және экологиялық әл-ауқатты сақтауға, табиғат пен жануарлар әлемін қорғауға шақырады.

                                                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі