ШҚО тұрғыны алғашқы жеке куәлігін 50 жасында алды

ШҚО тұрғыны алғашқы жеке куәлігін 50 жасында алды

                     

                                                                                       ШҚО тұрғыны алғашқы жеке куәлігін 50 жасында алды

Шығысқазақстандық 1970 жылы дүниеге келген және осы күнге дейін оның қазақстандық құжаттары болмаған, тек КСРО төлқұжаты болған бірақ оны жас кезінде жоғалтқан.


Әйел адам Талдықорған қаласында туып, сол жерде мектепті бітірген. 1991 жылы Зырян ауданы Парыгино ауылына (қазіргі Алтай ауданы) көшіп келген. 1998 жылдан бастап ол ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген және сол жылдары КСРО үлгісінің паспортын жоғалтып, құжатсыз қалған.


ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығымен бірлесіп ҚР азаматтығына жататынын растау үшін құжаттарды жинауға көмек көрсеткен.


Енді Алтай ауданының тұрғыны әлеуметтік және медициналық қызметтерді еш қиындықсыз ала алады және зейнетақы қорына тіркеле алатын болды.


Өз кезегінде, осы оқиғаға қуанған әйел адам тәртіп сақшыларына алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Полиция департаменті азаматтарды құжаттары жоғалған жағдайда дереу тиісті органдарға жүгінуге шақырады.

                                                                                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі