
Полиция қызметкерлері Шемонаиха ауданының тұрғынынан есірткі заттарын тапты
Жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары 52 жастағы ауыл тұрғынын анықтады, оның үйін тінту барысында салмағы 110 грамнан асатын кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, сақтағаны үшін ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі