
Тергеу және криминалистика басқармаларының
2023 жылғы қызметінің қорытындылары
Жыл қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің тергеушілері мен анықтаушылары 18 мыңнан астам қылмыстық істерге тергеу жүргізді.
9 мыңға жуық іс бойынша өндіріс аяқталды.
1124 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін 77, ауыр қылмыстар үшін 543 қылмыскер.
Кісі өлтіру, ұрлық, бұзақылық, алаяқтық, тонау және есірткі қылмыстары туралы істер тергелді, 3 мыңнан астам жәбірленушінің құқықтары қорғалды.
Тергеушінің жұмысында басым бағыттардың бірі келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз ету болып табылады, ағымдағы жылы жәбірленушілерге 814 млн.теңгеден астам сома өтелді.
Сонымен бірге тергеу және анықтау бөлімшелері тергеу нәтижесі бойынша қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы 2488 ұсыныс енгізді.
Тергеу сапасы мен тергеу мерзімдерін сақтау жұмысы жақсарды.
Полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мәселелері назардан тыс қалмады, біздің тергеушілер үнемі өздерінің кәсіби шеберліктерін арттырумен айналысуда.
Тергеу және анықтау бөлімшелерімен жүргізілген тәлімгерлік институтын нығайту бойынша жұмысты атап өткен жөн, онда тәжірибелі қызметкер – аға буын жас әріптестеріне кәсіби көмек көрсетеді.
Мақсатты жұмыс жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына, қызмет жағдайларына бейімделуіне, кәсіби маңызды қасиеттерді тәрбиелеу де жүргізіледі.
Цифрландыру адам өмірінің барлық салаларына, соның ішінде құқық қорғау органдарына да әсер етеді. Біздің облыстың полицейлері 100% электронды форматта жұмыс істеу үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңда біздің тергеушілер қылмыстық істердің 94% - ын электронды форматта тергеп жатыр, осы санаттағы 7 мың іс бойынша іс жүргізу аяқталды.
Цифрлық мүмкіндіктер қолданыстағы заңнама аясында соттармен және қылмыстық процеске қатысушылармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде тиімділікті, ашықтықты арттырады және уақытты қысқартады.
Тағы бір маңызды бағыттардың бірі бала мен әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Алтай қаласында және Шемонаиха ауданында тұрмыстық және жыныстық зорлық - зомбылық құрбандарына кешенді көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталығы ашылды, онда біздің мамандандырылған әйел тергеушілер зорлық - зомбылық құрбандарымен кешенді тергеу іс –әрекеттерін өткізеді. Сонымен қатар, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында дәл осындай кешенді көмек көрсетуге арналған 3 дағдарыс орталығы жұмыс атқаруда.
Біздің ойымызша, бұл шешім осындай қылмыстарды тергеудің тиімділігіне оң әсерін тигізеді.
Әлемдік тәжірибеде танымал дуальды оқыту тренді біздің облыста да жүзеге асырылды.
Полиция департаменті мен облыстың жетекші университеттері арасында ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, біздің тергеу бөлімшелерінің басшылары заң факультетінің студенттеріне университеттің қабырғасында да, Департаменттің мамандандырылған криминалистикалық полигонында да дәріс және практикалық сабақтар өткізеді.
Жазаның бұлтартпаушылық қағидаты заңды түрде жиналған дәлелдемелерге негізделеді, осыған байланысты біздің криминалистерге үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Оларсыз бірде-бір тергеу басталмайды.
Криминалистикалық зерттеулер өндірісі де электронды форматқа ауыстырылды, бұл барлық қорытындылар мен фото кестелерді электронды түрде дайындауға мүмкіндік берді, бүгінде торт жарым мыңнан астам электрондық фото кестелермен мамандардың 1 мыңнан астам қорытындылары дайындалып, ақпаратттық жүйеге енгізілді.
Ағымдағы жылы біздің криминалистер іздер мен заттай дәлелдемелер кешенін алумен 2 мың 400-ден астам оқиға орындарын қарап, тексеру жүргізді.
Тәжірибелі криминалистер 2 мың 500-ден астам жуық жедел-іздестіру іс – шаралары мен тергеу әрекеттеріне қатысты. Тек осы жылы ақпараттық жүйелерге 4 мыңға жуық қол іздері мен 2 495 дактилокарта енгізілді.
Қазіргі уақытта күнделікті қызметке жаңа ғылыми – техникалық құралдар мен әдістер енгізілуде, қылмыстарды ашу және тергеу сапасын арттыруға ықпал ететін автоматтандырылған жүйелердің мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
Полиция қызметкерлеріне әрқашан ерекше міндеттер жүктеледі.
Кәсіби мамандар ретінде оларға еңбекқорлық пен өз ісіне адалдық тән.
Бүгінде Шығыс Казақстан облысында тәжірибелі тергеушілер мен анықтаушылар қатарынан кәсіби өзек қалыптасты.
ШҚО ПД баспасөз қызметі