Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жедел және тергеу-криминалистикалық бөлімшелерінің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жедел және тергеу-криминалистикалық бөлімшелерінің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары

Жедел қызметтердің жедел қызметтік жұмысының нәтижелері туралы

АҚПАРАТ

 

Криминалдық полиция бөлімшелерінің атқарған іс-шаралары нәтижесінде  Шығыс Қазақстан облысында кылмыстың 13%-ға төмендегені байқалады. (Ұрлық 40%, мал ұрлығы 38%, тонау 30% және бұзақылық    13%-ға).

Кылмыстың ашылуы жақсарды, көшелер мен қоғамдық орында қауіпсіздік деңгейі  артты.

Аса ауыр және ауыр қылмыстардың ашылуы өте жоғары денгейге жетті. Нақтырақ айтсақ аса ауыр қылмыс 92% - ға ал ауыр қылмыстың ашылуы 68%-ға жеткен.

Адам өлтіру қылмысының  (88,4% - дан 97,2% - ға дейін), ӘАЗК (98,4% - дан 100% - ға дейін), бөтеннің мүлкін ұрлаудың (61,5% - дан 71,9% - ға дейін), тонау (94,9% - дан 98,5% - ға дейін), мал ұрлығының (30,0% - дан 50,9% - ға дейін)   жақсартылды.

112 қылмыскер оның  ішінде 6 кісі өлтіруші, 6 қарақшы, 52 ұрлық жасаушы, 10 алаяқ және 4 автокөлік ұрлаушы  ұсталды.

Жоғалған азаматтарды оның ішінде кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде  іздестіруге жарияланған 98 жоғалған азаматтың 90-ы анықталып,  туыстарына тапсырылды.

Адамдардың жоғалу жағдайлары әртүрлі болуы мүмкін. Адамның жоғалуына ықпал ететін әртүрлі себептер мен факторлар бар.

Мысалы, оалр көбіне  жасы ұлғайған және созылмалы аурулары бар, туыстарымен қарым-қатынас жасағысы келмейтін, алкогольді асыра пайдаланатын, құмар ойындарға тәуелді, қарыздары бар адамдар.

Із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруде еріктілер ұйымдарының қосқан үлесі мен азаматтық ұстанымдары үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Өткен жыл ішінде жұмыстағы ең маңызды мәселелер мал ұрлығы және интернет-алаяқтық болғанын атап өткім келеді.

Криминалдық полиция қызметкерлері 30-дан астам мал ұрлығын ашып, облыс тұрғындарына 40 млн.теңгеден астам сомаға 100-ден астам мал басын  қайтарды.

Мысалы, Ұлан ауданының тұрғыны полицияға еркін жайылымнан 54 бас жылқысын ұрланғанын, шығын 25 млн.теңгені құрайтынын  хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында күдікті анықталды. Оны ұстау кезінде полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен (мылтықтан оқ атқан) Абай облысының Жарма ауданының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты.

Интернет алаяқтық санының артуы мәселесіне оралсақ, полиция қызметкерлері  күнделікті профилактикалық жұмыс жүргізеді. 2023 жылы қылмыстардың ашуы нәтижесінде 120 млн. теңгеден астам  залал өтелді.

Ағымдағы жылы криминалдық полиция бөлімшелеріне жүктелген міндеттерге сәйкес азаматтарымызды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, қолданыстағы заңнама талаптарын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Полиция департаменті басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жүзеге  асырылуда.

2023 жылы психобелсенді заттардың 27 жаңа түрінің айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Есірткі жасау үшін пайдаланылатын 19 жабдықтың атауы мемлекеттік бақылауға енгізілді.

259 есірткі құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 112 есірткі қылмысы, оның 91-і есірткінің заңсыз айналымымен байланысты. Полиция департаментінің күшімен Алматы облысының аумағында орналасқан және облыс орталығын "синтетикамен қамтамасыз еткен" есірткі зертханасы таратылды. "Есірткі сатушылардан "10 кг-дан астам дайын" мефедрон", зертханалық жабдықтар, сондай-ақ шетелден әкелінген 130 кг-дан астам прекурсорлар тәркіленді.

Аталған  "Есірткі өндірісін" ұйымдастырушы көршілес республикалардың бірінің  екі азаматы болып шықты, мүліктері тәркіленіп қамауға алынды, оларға 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу  қаупі төніп тұр.

Полиция департаменті облыс аумағында есірткіні жеткізу және өткізу арнасын ұйымдастырған 10 қатысушыдан тұратын 3 қылмыстық топтың жолын кесті.

Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің дамуына байланысты қазіргі қылмыс түрі өзгерді.

Қылмыстың жаңа тәсілдері полицияның жедел қызметтерінен жаңа тәсілдерді талап етеді және интернет-кеңістікте есірткі қылмыстарын анықтаудың тиімділігін арттыру үшін аппараттық-бағдарламалық кешендер пайдаланылады, олардың қуаты ақпараттың едәуір көлемін өңдеуге және есірткінің заңсыз айналымына қатысатын адамдар арасындағы тікелей және жасырын байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

2023 жылы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткі жарнамасының 2 фактісін анықтады, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуы туралы ақпаратты қамтитын контенті бар 32 сайт пен басқа ресурстардың қызметіне тыйым салынды; OLX.KZ провайдеріне есірткіні насихаттау туралы ақпаратты қамтитын 26 хабарландыру және есірткі курьері ретінде жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар бойынша ақпарат жолданды.

Жалпы 2023 жылы облыс аумағында 312 профилактикалық іс-шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, Полиция департаментінің қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың, оқу орындары мен денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен 12 кездесу, консультациялар және келіссөздер өткізіліп, қатысты.

Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте қойған міндеттерін орындау мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық іс шаралар жүзеге  асырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 48 түрлі қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, қылмыстық құрылымдардың 12 қатысушысы, соның ішінде республиканың басқа өңірлері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 2023 жылдың қазан айында қала кәсіпкерінен жер учаскесін бопсалаумен айналысқан криминалитет көшбасшыларының бірі ұсталды, залал 16 млн.теңгеден асты. Іс аяқталу сатысына жетті және сотқа жіберіледі.

Жыл басынан бері Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 135 кг-данан астам есірткі заттарын, 17 бірлік атыс қаруын және 250 бірліктен астам оқ-дәрілерді, Ф-1 жауынгерлік гранатасын және 2 жарық-шу гранатасын, сондай-ақ 16 тонна дизель отыны мен 11 тонна суррогат спиртін тәркіледі.

Осы бөлімше жұмысының негізгі бағыттарының бірі адам саудасына қарсы күрес шеңберінде азаматтарды сексуалды және еңбек қанау саласындағы құқық бұзушылықтарды және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

Осылайша, жыл басынан бері 2 массаж салонының қызметі тоқтатылды, олар жалпы массаж атауын интимдік  қызметтер көрсеткен.

Жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берген 6 адам әкімшілік жауапкершілікке (ӘҚБтК-нің 450-бабы)  тартылды, бұл үшін шамамен 345 мың теңге (100 АЕК) айыппұл көзделген.

Өңірде оның ішінде орта және жоғары оқу орындарын мен бопсалауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау бойынша іс-шаралар жалғасуда. Нәтижесінде бопсалаудың 29 фактісі анықталып   жолы кесілді.

Осыған байланысты, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде бопсалаудың алдын алуға барынша көңіл бөлінеді.

ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалау мен қорқытудың алдын алу тақырыбында облыс орталығының оқу орындарының мыңнан астам  оқушыларымен және студенттерімен жұмыс кездесулерін өткізді.

Ұйымдасқан қылмыс түрлерімен күресу жұмыстары үнемі бақылауда.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімшелерге келетін болсақ, бірінші кезекте, жұмыс халық арасында дәстүрлі емес діни идеологияның таралуына, сондай-ақ әлеуметтік, ұлттық, діни және өзге де алауыздықты қоздыруға әкеп соқтыратын өзге де нысандардың таралуына жол бермеуге бағытталғанын айтқым келеді.

Бұл үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Жалпы, біздің облыс аумағында мұндай фактілерге жол берілген жоқ.

ШҚО ПД Баспасөз қызметі