
Полиция - сіздің досыңыз
Тәртіп сақшылары Шемонаиха ауданының Зевакин орта мектебінде қонақта болды.
ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ренат Унарбековтен оқушылар кәмелетке толмағандардың құқықтық аспектілері, қылмыстық жауапкершілік, аймақтағы есірткі жағдайы туралы біліп, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау керек екенін де ескертті. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары Ішкі істер органдарының ведомстволық мекемелеріне оқуға түсу талаптарына қызығушылық танытты.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің атынан 10-сынып оқушысы Алексей Хоревті дипломмен және естелік сыйлықпен марапаттау рәсімі жағымды сәттің бірі болды. Оның эссесі "Менің полициям"байқауында үздік болып танылды.
Соңында балалар қонақтарды жылы шығарып салды, ал олардың бір бөлігі полиция қызметкері болуға ниеттерін білдірді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі