
ШҚО полицейлері жоғалған жасөспірімді бірнеше сағат ішінде тапты
Бозбала досына қонаққа барған, ол туралы туыстарына айтуды ұмытып кеткен.
Кәмелетке толмаған жасөспірімнің әжесі өзінің 14 жасар немересі үйден белгісіз бағытта кетіп қалғанын және 3 күн бойы байланысқа шықпағанын айтып полицияға жүгінген.
Хабарламаны алғаннан кейін тәртіп сақшылары баланы іздеуге кіріскен, бірнеше сағаттан кейін ол досының үйінен табылған. Жеткіншек үйде зерігіп кетіп, досының үйіне қонаққа барғанын айтты .
Тәртіп сақшылары жасөспіріммен және оның әжесімен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Полиция қызметкерлері өз балаларыңызға мұқият қарауға және егер сіздің балаларыңыз немесе жақын туыстарыңыз жоғалып кетсе, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай дереу "102" телефоны арқылы полицияға хабарласу керектігін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі