
Жаңа жыл күзетінде
ШҚО ПД бастығы бүгін кезекшілікке келген полиция қызметкерлерін құттықтады.
Полиция қызметкерлері Шығысқазақстандықтар мерекені қауіпсіз қарсы алып, өткізуі үшін тәулік бойы қызмет атқарады.
Азаматтар көп жиналатын жерлерде, көшелер мен аулаларда автопатрульдер мен жаяу нарядтар жұмыс істейді. Жол қауіпсіздігі қатаң бақылауда.
– "Азаматтардың өтініштерін уақтылы қабылдау, оқиға орнына нарядтардың жедел келуі, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына уақтылы көмек көрсету сіздің іс-әрекеттеріңізге байланысты", - деді Ерлан Омарбеков.
Аймақ полициясының басшысы баршаға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейді және полиция қызметкері өзінің қызметтік борышын абыроймен атқаратынына сенім білдірді.