ШҚО-да «Пиротехника» ЖПІШ басталды
Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын және оларды қолдануды бақылау мақсатында 2023 жылғы 25 желтоқсан мен 2024 жылғы 03 қаңтар аралығында облыс аумағында «Пиротехника» ЖПІШ өткізілетін болады.
Полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен бірлесіп азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелудің, өткізудің және пайдаланудың жолын кесу, сертификатталмаған пиротехникалық өнімді көтерме жеткізумен айналысатын адамдарды анықтау жөнінде рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады.
Полиция департаменті «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» нормативтік-регламенттеуші құжаттарға сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау ішкі істер органының рұқсаты негізінде жүзеге асырылатынын еске салады.
Пиротехникалық заттар мен тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек сауда пайдалану құжаттамасының талаптары мен өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес және пиротехникалық заттар мен бұйымдар салынған қаптамаларға тікелей күн сәулесі мен атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмайтын өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін дүкендерде, дүкендердің бөлімдері мен секцияларында, павильондар мен дүңгіршектерде жүргізіледі. Пиротехникалық заттар мен тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарды сатуға арналған сауда үй-жайлары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және өрт дабылы құралдарымен жабдықталады.
Қазіргі уақытта облыс аумағында азаматтық пиротехникалық заттарды сақтаумен және пайдаланумен 4 объект тіркелген:
Өскемен қаласында:
- "Ұлан" ЖШС (Виноградов к-сі №17а – «Дос-Нар» СҮ, Бажов к-сі 331/1 – «Самал» СҮ, Шәкәрім к - сі 162А – «Ворошилов» базары, Меновное к-сі, Шоссейный к-сі 26/10 – «Бағдаршам» СҮ);
- "СТиК" ЖШС (қ-Сәтпаев даңғылы №76/2 – «Фрешмаркет» СҮ, Жібек Жолы көшесі – «Магнум» СҮ және Бажов көшесі №110 – «АДК» СҮ);
Алтай қаласында:
- «Алтай Салют ЖШС, Первомайская көшесі, 23/2;
- «Алтай Уют» ЖШС, Геологическая көшесі, 42.
Қоғамдық тәртіпті, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды сақтау, тасымалдау, әкелу, әкету қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік шаралар көзделген.
ШҚО ПД баспасөз қызметі