Шайба! Торпедо vs Алтай Динамо

Шайба! Торпедо vs Алтай Динамо

                                                                                   Шайба! Торпедо vs Алтай Динамо

«Торпедо» хоккей командасының ойыншылары ШҚО ПД полиция қызметкерлерімен жолдастық кездесуде мұз айдынында кездесті.


Бүгін, 22 желтоқсанда Өскеменде Борис Александров атындағы спорт сарайында тәртіп сақшылары ерекше спорттық жарыс өткізді - олардың мұз аренасындағы қарсыластары 2013 жылы туған жергілікті «Торпедо» клубының ойыншылары болды.


Салтанатты алғашқы шайбаны ойын алдындағы мерекелік шаралар аяқталғанын және ойынның басталуына орай белгілі қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаев тастады.


Ойын барлық қатысушылар мен жанкүйерлерді бірден «тұтқындады» деп айта аламыз. Мұз айдынында өте жас хоккейшілер болғанына қарамастан, олар байыппен күресті. Құлаулар, соқтығыстар, сәтті лақтырулар және сәтсіздіктер. Бірінші кезеңнің екінші минутында «Торпедо» командасының капитаны есеп ашты.


Екінші кезеңнің соңында «Алтай Динамо» командасы үшін мұз аренасына қысқы сиқырдың басты кейіпкері - Аяз Ата ойнаған сәт жағымды тосын сый болды. Балалардың әрқайсысы шайбаны қуып, тіпті тілек тілегісі келді.


Ойын оқиғаларға толы болды: қауіпті сәттер, керемет жеке әрекеттер және голдар. Мұздағы тартысты күресте Торпедо хоккейшілері 14:11 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздарды Аяз Атаның өзі марапаттап, кубок, медальдар мен тәтті сыйлықтар табыс етті.


Балалар мен жанкүйерлер үшін олардың матчының қарсыластары ШҚО ПД бастығы, полиция генерал – майоры Ерлан Омарбеков бастаған полиция қызметкерлері болғанын айта кеткен жөн. Бұл соңына дейін ұйымдастырушылардың құпиясы болды.


«Бүгін біз нағыз хоккейшілермен ойнау мәртебесіне ие болдық және сіздер біздің болашағымыз жаман әдеттерден гөрі спортты таңдайтындарыңызды түсінгеніме қуаныштымын. Әрқашан рухыңыз бен тәніңіз мықты болып, сөзіңізге берік болып, тек алға ұмтылуыңызға тілектеспін.Жаңа жыл қарсаңында Сізге және сіздің жақындарыңызға денсаулық пен тілектеріңіздің орындалуын тілеймін!». – деп атап өтті облыстың бас полицейі.


Полицейлер балаларға есте қаларлық сәттер, жағымды эмоциялар және мерекелік атмосфера сыйлауға қуанышты, осылайша әрбір бала жаңа жылдық көңіл-күй мен аз да болса сиқырды сезінеді!

                                                                                                                                                                                    ШҚО ПД баспасөз қызметі