
«Тәлімгер және жас маман»: ШҚО Полиция департаментінде кезекті кадрлық тағайындау өтті
Кіші және аға басшы құрамның лауазымдарына ІІМ оқу орындарында арнайы және бастапқы даярлық курстарын бітірген тағылымдамадан өтушілер тағайындалды.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында 59 жаңадан тағайындалған тәртіп сақшылары өздерінің тәлімгерлерімен бірге жиналды. Оларды тағайындау туралы бұйрыққа Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков қол қойды.
-« Мен сіздерді құттықтаймын, сіздер ішкі істер органдарына жұмысқа орналасудың барлық кезеңдерінен: қызметке кандидаттарды іріктеуден бастап оқытуға дейін өттіңіздер. Сіздерге қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күрделі де маңызды міндетте сәттілік тілеймін».
ПД бастығы ішкі істер органдарының қатарына келген жас полиция қызметкерлеріне тәлімгерлердің рөліне баса назар аудартты.
-« Жаңадан тағайындалған полицейлердің әрқайсысы сіздің бақылауыңызда қызмет атқарады және олардың өз қызметінде қалыптасуымен бейімделуіне сіздердің рөлдеріңіз маңызды болып табылады », - деп атап өтті облыс полициясының басшысы.
ШҚО ПД баспасөз қызметі