
Полиция қызметкерлері Өскеменде жаңа жылдық шыршаны ұрлаған адамды анықтап, ұстады
Оқиға туралы Instagram әлеуметтік желісінде "Дорожный контроль" парақшасында жарияланған жазба арқылы белгілі болды, облыс тұрғыны онда Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдеріне алғыс білдірген.
"Полиция қызметкерлеріне үлкен рахмет, менің шыршамды тез арада табады деп ойлаған жоқпын! Шынымды айтсам, тіпті үміттенбеген едім! Рахмет!!!"- деп атап өтті желі қолданушысы.
Бұған дейін "102" жедел арнасына қала дүкендерінің бірінің иесі жаңа жылдық шыршаны ұрлап кеткені туралы өтінішпен жүгінген болатын.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер бейнебақылау камераларының арқасында маршрутты ғана емес, күдіктінің жеке басын да анықтаған. Ол бұрын істі болған облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер адам полиция қызметкеріне дүкенде мас болғанын және сөреде жатқан жасанды шыршаның оған қатты ұнағанын, сондықтан оны пәтерін безендіру үшін алып кеткенін айтқан.
Оның әрекетіне не түрткі болса да, қылмыс қылмыс болып қала береді. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әрі қарай тергеушілер істі тергеп, түпкілікті процесстік шешім қабылдайтын болады.
Бұл оқиға Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөлімі КПБ-нің жедел уәкілдер қатарына бір апта бұрын кірген жедел уәкіл полиция лейтенанты Ақжол Құсманның ашқан алғашқы қылмыстық ісі екенін атап өткен жөн.
ШҚО ПД баспасөз қызметі