
4 минут: ШҚО ПД бастығы облыс орталығы мектептерінің бірінде дабыл батырмасын тексерді
Облыстың бас полицейі полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков Өскемен қаласының №30 мектебінің оқушыларымен құқықтық сауаттылық сабағын өткізіп, қазіргі жағдайда жастарды алаңдататын қауіптер туралы жеке әңгімелеп берді.
Департамент бастығы бірінші кезекте ЖБО-ға тікелей интеграцияланған бейнебақылау камералары мен дабыл батырмалары жүйелерінің жұмысын, сондай-ақ қызмет көрсететін бөлімшелердің келу жеделдігін тексерді.
Айта кету керек, полиция қызметкерлері шақыртуға 4 минуттан кейін келді, бұл жағдайдың кез келген өзгерістеріне жедел ден қою мүмкіндігін тағы да растайды.
Кездесудің басты мақсаты, әрине, іс-шараның бастамашысы болған 200-ден астам оқушымен кездесу болды.
« Бірінші кезекте, шақырғаныңыз үшін алғыс айтқым келеді, мұндай бастама мені қуантады. Бұл сіздердің заңға қызығушылық танытып, тәртіп сақшысы болуға дайын екендіктеріңізді білдіреді», - деп атап өтті полиция генерал-майоры.
Кездесуді аша отырып, ПД бастығы оқушылардың назарын жасөспірімдер қылмысына аударды, ол тыңдаушылардың өздерімен құрдас жасөспірімдер жасаған қылмыстарды нақты мысал ретінде келтірді.
« 2023 жылдың өткен кезеңінде облысымыздың 75 жасөспірімі (өткен жылы 88) әр түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасады, олардың ең кішісі қылмыс жасаған кезде 13 жаста еді», - деді спикер.
Дәріскер жасөспірімдерді есірткі саудасына тарту, интернет-алаяқтық, жалған терроризм, қорқыту және оқу орындарында бопсалау сияқты өзекті тақырыптарды қозғады, мұның бәрі қазіргі заманның қасіреті және елдің болашағына қауіп төндіретіні ешкімге құпия емес.
«Қорқытудың барлық жағдайларында үндемей қалмаңыздар, ата-анаңызға, мұғалімдеріңізге және жақындарыңызға сеніңіздер. Қазір полицияда мұндай фактілерді ашуға және дәлелдеуге барлық күштер мен құралдар бар. Кез - келген бұзушылық жазалануы керек және сіздің құқығыңыз қаншалықты бұзылса, соншалықты құқықтық баға беріледі», - деп атап өтті ШҚО бас полицейі.
Өз кезегінде оқушылар генералды аса қызығушылықпен тыңдап қапы қоймай, тұшымды жауаптар алды. Ерлан Болатұлы жасөспірімдерді тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға, спортпен шұғылдануға, үнемі білімін жетілдіруге және жаңа биіктерге жетуге шақырды.
Іс-шара соңында педагогтар мен ата-аналар қонаққа балаларға қажетті ақпараттармен кеңестер бергені үшін алғыс білдірді.
Департамент басшысы жастармен үнемі диалог жүргізу керек екеніне сенімді, өйткені болашақ жастардың қолында.
Іс-шара дәстүрге айналған қару-жарақ көрмесімен аяқталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі