
ШҚО ПД-да «Динамо» ДСШҚ Төралқасының кезекті отырысы өтті
Негізгі мәселелердің қатарында ағымдағы жылдың қорытындысын шығару және 2024 жылға арналған негізгі міндеттер.
«Динамо» ДСШҚ – спорт кадрларының ұстасы, қазақстандық спорттың ажырамас бөлігі және қозғаушы күші екенін естеріңізге сала кетейік. Шығыс Қазақстан облыстық «Динамо» кеңесі 1939 жылы 29 қазанда құрылды, алғашқы күндерінен бастап спортпен шұғылданғысы келетіндердің барлығына есігін айқара ашып, күні бүгінгіге дейін дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, сондай-ақ спорт шеберлігінің өсуі үшін қажетті жағдайлар жасауға тырысуда.
Қаралған мәселелердің қатарында Төралқа құрамына өзгерістер енгізу талқыланып, бірауыздан қабылданған шешіммен ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Байжігітұлы Можанов құрамға қосылды.
Отырыс соңында ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков ардагерлер мен күш құрылымдарын тарта отырып, спорттық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ спортты нығайту мен дамыту және жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу үшін жұмысты жандандыру керек екенін тілге тиек етті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі