
ШҚО полицейлері есірткіге мас күйде тракторды тізгіндеген адамды анықтады
Патрульдеу барысында полицейлер көлік құралын басқару фактісін анықтады.
Өскемен көшелерінің бірінде 27 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «МТЗ 82» маркалы тракторы тоқтатылған.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші бұрын 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды. Алайда, бұл ер адамды тоқтата алмаған және ол қайтадан масаң күйде көлік жүргізген.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі