
Катонқарағай ауданының тұрғынынан есірткі табылды
Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер 36 жастағы ауыл тұрғынын анықтады, оның үйін тінту барысында есірткі заттары табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «кептірілген марихуана» болып табылады, оның жалпы салмағы 1183,10 грамм.
Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі - есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі