
ШҚО полицейлері кадеттердің салтанатты іс-шарасына қатысты
Өскемен қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектепте осындай сынып алғаш рет 1996 жылы ашылған, бұл жолы 27 ұл мен қыз салтанатты түрде ант беріп, құрметті кадет атағын алды.
Шақырылған қонақтардың қатарында полицейлер де болды:
"Бүгін ата – аналар мен мұғалімдер күткен өте маңызды күн, сендер таңдаған жолдарыңның маңыздылығы мен жауапкершілігін сезініп, қосымша қиындықтарға үйреніп үлгердіңдер.
ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Думан Қожахметов балаларға кадет куәліктерін тапсыра отырып: «Кадет салтанатты түрде «ант» бере отырып, әрбір айтылған сөзді шын жүрекпен қабылдайды және ол үшін ар - намыс, қадір-қасиет, жауапкершілік, тәртіп сияқты ұғымдар бірінші орында болуы тиіс», - деп атап өтті.
Салтанатты рәсім балалар ұсынған концерттік нөмірлермен және көрсетілімдермен аяқталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі