Полиция балалардың көзімен

Полиция балалардың көзімен

                                                                                   Полиция балалардың көзімен

Жол жүрісі қағидасы бойынша сыныптан тыс сабақ оқушылар үшін қызықты және ерекше болды.


Алаңға келген бүлдіршіндерді патрульдік көлік және полиция қызметінің басқа да атрибуттары күтіп тұрды. Балалар өз қолдарында рация мен реттеушінің таяқшасын ұстап көрді, ал СДЗҚ дыбысы қайталанбас эмоциялар тудырды.


Патрульдік полиция қызметкерлерімен бай және мазмұнды әңгімеден кейін ұлдар мен қыздар Полиция департаментінің мұражайына экскурсияны жалғастырды.


Балалар өмірінде алғаш рет мұражайға барғандарын жеткізді. Балапандар мұражай меңгерушісінің әңгімесін тыңдап, Шығыс Қазақстан полициясының құрылу тарихын қамтитын бірегей экспонаттарды, газет қиындыларын, қару-жарақтарды, аммуницияларды қарап, көптеген тың және танымдық ақпараттарды білді.


Кішкентай қонақтардың сүйікті экспонатына қалпына келтірілген «Урал» мотоциклі айналды, оның жанында әр ұл ғана емес, қыздар да суретке түскісі келді.


Кездесу соңында балаларға жол жүрісі қағидалары және түнгі уақытта шағылыстыратын элементтерді қолданудың әсері тағы бір рет ескертілді. Сонымен қатар, полицейлер оқушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетті.

                                                                                                                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі