
Жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам масаң күйде қаланы аралаған
Алтай қаласындағы көшелердің бірін патрульдеу кезінде полицейлер алкогольдің иісі шыққан 33 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВАЗ-21074» маркалы автокөлікті тоқтатқан.
Әрі қарай тексеру барысында ер адам медициналық куәландырудан бас тартты.
Құқық бұзушының бұрын ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылғаны анықталды, нәтижесінде ол өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сот-химиялық сараптама тағайындалды.
Жүргізушіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі