
ШҚО тұрғыны жеңіл автокөлікпен жылқы тасымалдаған
Тәртіп бұзушы "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.
Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу барысында тексеру үшін 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде полицейлер артқы орындықта ер адамның тиісті құжаттарсыз, сондай-ақ тасымалдау ережелерін бұза отырып, тірі жылқыны алып бара жатқанын анықтаған.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңды шешім қабылдау үшін жиналған материал Тарбағатай аудандық ветеринарлық-аумақтық инспекциясына жолданды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі