Өскеменде қарсы жолаққа шығып кеткен екі жүргізушіге көлік жүргізу құқығынан айыру қаупі төніп тұр

Өскеменде қарсы жолаққа шығып кеткен екі жүргізушіге көлік жүргізу құқығынан айыру қаупі төніп тұр

                                                                                     Өскеменде қарсы жолаққа шығып кеткен екі жүргізушіге көлік жүргізу құқығынан айыру қаупі төніп тұр

Тәртіп бұзушылар облыс орталығының полицейлерімен патрульдеу барысында анықталды.
Қарсы қозғалыс жолағына шығу жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушылықтың бірі болып табылады, салдары жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін.


Айта кетсек, мұндай "маневр" үшін жүргізуші 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.


Мысалы, өткен аптада ғана 18 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтсақ, Өскемен қаласындағы Виноградов - Серікбаев көшелерінің бойындағы бейнебақылаудың көмегімен 41 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Шевролет" маркалы автокөлік анықталды, ол қарсы қозғалысқа арналған сол жақ жолаққа шығып, сол арқылы жүріп өтіп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуға жол берген. Тағы бір 35 жастағы "ВАЗ-21703" маркалы автокөлігінің жүргізушісі, Шәкәрім даңғылы-Протозанов көшесінің қиылысында ұқсас құқық бұзушылық жасаған.


Жүргізушілерге қатысты, егер жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларда; жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу туралы ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қазіргі уақытта олар сот шешімін күтуде.


ШҚО Полиция департаменті тағы да жол қозғалысы ережелерін сақтауға және бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.