
Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер уәде еткен: алаяқ ШҚО тұрғынын 7 млн теңгеге алдаған
Алаяқтық туралы арызбен Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөліміне қаланың 24 жастағы тұрғыны жүгінген.
Бойжеткеннің айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айында оның танысы мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсетемін деп 7 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген. Алайда, сегіз айдың ішінде арызданушы пәтер де, ақшасын да алмаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстаған, ол өз әрекеттерін мойындаған. Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі