
ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері шолақ мылтық пен пневматикалық винтовканы тәркіледі
Жедел уәкілдер Глубокое ауданының тұрғынынан тіркелмеген қару тапты.
ШҚО Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесі заңсыз айналымнан атыс қаруы мен олардың оқ-дәрілерін алуға, ұрланған және жоғалған қаруды іздестіруге бағытталған жедел іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
Мысалы, Глубокое ауданының 54 жастағы тұрғынының тіркелмеген қаруды сақтау фактісін полицейлер осындай іс-шаралар барысында анықтады. Тінту кезінде ауыл тұрғынынан жедел уәкілдер "ТОЗ-8" ойық шолақ мылтықты және "ИЖ-38"модельді пневматикалық мылтықты тәркіледі.
Криминалистердің қорытындысы бойынша шолақ мылтық толық атуға жарамды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «атыс қаруын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қаруды табу жағдайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі