
ШҚО-да қос азаматтық фактісі анықталды
Полиция қызметкерлері Алтай ауданы тұрғынынан қос азаматтық фактісін анықтады.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері 40 жастағы жергілікті тұрғын ағымдағы жылдың шілде айында Приморск өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, алайда қазақстандық заңнаманы бұза отырып, Қазақстанның ішкі істер органдарын немесе шетелдік мекемелерін уақтылы хабардар етпегенін және Қазақстан азаматтығын айыру бойынша тиісті рәсімнен өтпегенін анықтады.
Қазіргі уақытта ресейлік әйел адамнан Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді, сондай-ақ Қазақстан азаматтығының айырылғаны тіркелді.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚтБК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша елден шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері 50-ден астам адам азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылған, оның 9-ы қос азаматтығы үшін.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін және ел заңнамасын сақтауды сұрайтынын еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі