
Өскемен қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни материалдарды сақтаған
Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында ШҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы аудиоматериалдарды сақтау фактісін анықтады.
Осы факті бойынша 26 жастағы өскемендікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Өскемен қаласы сотының қаулысымен ер адам аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Айта кету керек, жыл басынан бері ШҚО ПД қызметкерлері тыйым салынған діни сипаттағы материалдарды сақтаудың төрт фактісін анықтады.
Полицейлер тыйым салынған материалдарды сақтау және тарату әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Айта кетейік, экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында танысуға болады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі