Риддер қаласының 16 жастағы тұрғыны студенттен ақша бопсалады деп күдіктелуде

Риддер қаласының 16 жастағы тұрғыны студенттен ақша бопсалады деп күдіктелуде

                                                                           Риддер қаласының 16 жастағы тұрғыны студенттен ақша бопсалады деп күдіктелуде

Жасөспірімнің құрдасынан қомақты сомада ақша бопсалағаны анықталды.

Бопсалау фактісін Риддер қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы анықтады.

15 жасар бала ағымдағы жылдың маусым айынан бастап басқа оқу орнының 3 курс студенті одан ақша бопсалағанын айтқан. Бес ай ішінде жәбірленуші қаскөйге 175 000 теңге берген.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігі "бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, айыппұл немесе төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті бопсалау ақша алу үшін күш қолдану ғана емес, сонымен қатар қорқыту, мысалы, кез келген компроматты жариялау болуы мүмкін екенін ескертеді.

Сонымен қатар, полицейлер ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

                                                                                                                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі