Өскеменде жалған нөмірлері бар көлік жүргізушісі қамауға алынды

Өскеменде жалған нөмірлері бар көлік жүргізушісі қамауға алынды

                                                                                   Өскеменде жалған нөмірлері бар көлік жүргізушісі қамауға алынды

Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында ұстаған.

Өскемен көшелерін патрульдеу кезінде Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шетелдік нөмірлі белгілері бар "Hyundai Sonata" маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Құжаттарды тексеру барысында көлік құралындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің жалған екендігі анықталды.

24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі "көрінеу жалған немесе жалған нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару" бойынша хаттама толтырылды.

Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімі бойынша жүргізуші бір тәулікке қамауға алынып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта көлік айып тұрағына қойылды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

                                                                                                                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі