
ШҚО-да жүргізуші куәлігі жоқ мас ауыл тұрғыны көлік тізгіндеген
Катонқарағай ауданының полицейлері көлікті масаң күйде басқарған жүргізушіні ұстады.
Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары ауданның 50 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Ваз-21010" автокөлігін тоқтатқан.
Жүргізуші 2021 жылы 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік құралын басқарғаны анықталды.
Сондай-ақ, бұзушының мас күйде болғаны анықталды. Куәландыруға сәйкес, жүргізуші рульде орташа дәрежелі масаң күйде болған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Құқық бұзушы түрме жазасына кесілуі мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі