
ШҚО-да полицейлер "Браконьер" ЖПІШ қорытындылады
Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 300-ден астам бұзушылығын анықтады.
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аң аулаудың, орманды кесудің, балық ресурстарын өндірудің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін әкетудің, тасымалдаудың заңсыз фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасынын қорытындылады.
19 қазан мен 20 қараша аралығында өткен ЖПШ-ке ШҚО ПД-нің барлық қалалық және аудандық бөлімшелерінен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері және басқа да мүдделі қызметтер жұмылдырылды.
Жедел-профилактикалық іс-шараның бір айында 307-ден астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды.
"Заңсыз аң аулау фактілері бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды, "елік" және "аю"түріндегі заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерінің 7 бірлігі тәркіленді. Балық ресурстарын заңсыз өндіргені үшін 7 қылмыстық іс қозғалды, онда 4,5 тоннаға жуық балық биоресурстары тәркіленді. Ағаштарды заңсыз кесудің бір фактісі анықталды, нәтижесінде 19.19 метр текше метр көлемінде заңсыз дайындалған орман тәркіленді. Мемлекетке келтірілген залал 15 млн. теңгеден асты", - деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ ТҚТ аға инспекторы полиция майоры Әсет Қизатов.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 294 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Табиғатқа зиян келтірген бұзушыларға екі миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.
Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулауға болатындығын еске салады. Аңшының өзімен бірге: тиісті жылға арналған мемлекеттік бажды төлеу белгісі бар аңшы куәлігі, аң аулауға рұқсат, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы, аңшылық атыс қаруын алып жүру құқығына рұқсат болуы тиіс.
ШҚО ПД баспасөз қызметі