Қарумен қорқытып, қоқан-лоқы көрсеткен: ШҚО-да ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалаушыны ұстады

Қарумен қорқытып, қоқан-лоқы көрсеткен: ШҚО-да ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалаушыны ұстады

                                                                                     Қарумен қорқытып, қоқан-лоқы көрсеткен: ШҚО-да ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалаушыны ұстады

Қазақстанның шығысында ҰҚҚКБ қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері 21 жастағы азаматтан 100 000 теңге көлемінде ақшалай қаражатты бопсалау фактісін анықтаған.
Хабарлама келіп түскеннен кейін полицейлер дереу тексеруге кірісті. Барлық жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізгеннен кейін, ақшалай қаражатты алу кезінде Назарбаев даңғылындағы аулалардың бірінде қылмыс жасаған 20 жастағы күдіктіні ұстады. Оқиға орнында тәртіп сақшылары оның заңсыз әрекетін растайтын заттай айғақтар – ақшаны тәркіледі.
Бопсалаушы жәбірленушімен бірнеше рет кездесіп, күш көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақшаны аударуын талап еткені және оның жеке куәлігін алып кеткені белгілі болды. Кейіннен жедел уәкілдер қаруды қаскөйдің туыстарының бірінен тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194 – бабы 2-бөлігі - бопсалау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясымен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

                                                                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі