ШҚО тұрғыны құрбыларына несие рәсімдеген

ШҚО тұрғыны құрбыларына несие рәсімдеген

                                                                                   ШҚО тұрғыны құрбыларына несие рәсімдеген

Жалпы шығын 9 миллион теңгеден асады.

Өскемен қ.ПБ Үлбі полиция бөліміне қаланың 23 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы өтінішпен жүгінген. Қыз бала құрбысының сауалнамалық деректерін пайдаланып, 3 200 000 теңгеден астам сомаға онлайн несиелер ресімдегенін айтты. Өтініш беруші банктен қоңырау шалған кезде ғана не болғанын білген.


Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шараларына дереу кірісті. Нәтижесінде 22 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.


Тергеу барысында ұсталған азаматшаның осыған ұқсас алаяқтықтың тағы екі ісіне қатысы бар екені анықталды.Ол осындай екі сенгіш азаматты бір және бес миллион теңгеге алдап кеткен. Күдікті қоңырау шалу үшін телефон сұраған кейіп танытып кейіннен, банктің қосымшасын пайдаланып, несие рәсімдеген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Құрметті азаматтар, егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз.

                                                                                                                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі