
Ұлан ауданының тұрғынына жоғалған малы қайтарылды
Полиция қызметкерлері жоғалған жылқыларды табуға көмектесті.
102 жедел арнасына ауданның 34 жастағы тұрғыны 32 бас жылқының жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген. Ер адам 31 қазан мен 7 қараша аралығында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты аталған жылқылар ауылдық округ учаскелерінің бірінің еркін жайылымынан жоғалып кеткенін хабарлаған.
Хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері дереу іздеуге кіріскен және аумақты тексеру үшін тікұшақ іске қосылған. Сонымен қатар, полицейлер жақын маңдағы массивтер мен шалғай аймақтарды тексерген.
Бірнеше сағаттық іздеу нәтижесінде тәртіп сақшылары жайылым орнынан 40 шақырым жерде жоғалған жылқыларды тапқан.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті өз малын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:
малды қараусыз қалдырмау, оны ұстау орындарының нығаюын қадағалау;
- мал басын таңбалауды және ен салуды ұмытпаңыз, бұл ұрланған және жоғалған малды іздеуге оң әсер етеді;
-қылмыс жасалған жағдайда олардың ашылуына ықпал ететін GPS-трекерлерді орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін кеңінен қолдану қажет.
Өз мүлкіңізге қамқорлық жасаңыз!!!
ШҚО ПД баспасөз қызметі